Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам зардап шекті

2020 жылдың 6 тамыз 2020 12:50

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті. Оның бірі 7 жасар ұл бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, тамыздың 4-де Зеренді аудандық ПБ кезекшілік бөліміне «Көкшетау-Омбы» тас жолында жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы ақпарат түсті.

«Тәртіп сақшылары анықтағандай, аталмыш жолдың 21 шақырымында 67 жастағы ер адам басқарған «Лада Приора» көлігі Солтүстік Қазақстан облысының 59 жастағы тұрғыны отырған тап осындай маркадағы көлікпен соқтығысты. Жол апатынан Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына екі көліктің жүргізушісі мен 7 жастағы ұл бала түрлі дене жарақатымен жеткізілді», - дейді ведомстводан.

Баспасөз қызметінен белгілі болғандай, қазіргі кезде жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, аталмыш жол апаты туралы бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланған болатын.














Жоғары қарай