Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында егін орағы аяқталуда

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 01:41

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында бірқатар аудан егін орағын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, бүгінгі күнге дейін облыста 4 миллион 427 мың гектар егін алқабының 3825,1 мың гектары орылып, 3801,9 мың гектары бастырылды. Бұл – тиісінше барлық егіс алқабының 85,5 пайызы.

«Облыс бойынша әр гектардан орта есеппен 10,6 центнерден астық жиналуда. Зеренді ауданында бұл көрсеткіш 15 центнерден асты. Соңғы мәліметтер бойынша, Зеренді ауданды облыста алғашқы болып егін орағын аяқтады. Ал, астық өңірлер Атбасар, Жарқайың, Жақсы және Есіл аудандарында бұл көрсеткіш 90 пайыздан асып отыр», - делінген басқарманың хабарламасында.


Жоғары қарай