Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде 500-ден астам автокөлік эвакуацияланды

2021 жылдың 13 қаңтар 2021 22:58

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының полицейлері бір тәуліктің ішінде 500-ден астам автокөлікті жолға шығарып салды.

Осы уақыт ішінде 22 жол апаты болып, 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында биылғы жылғы қаңтардың 12-нен бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың барлық учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектелді.

«Қауіпсіздік мақсатында патрульдік машиналар көліктермен бірге жүрді. Автожолдағы колоннаға патрульдік полиция батальонының 11 экипажы еріп жүрді. Сонымен қатар, полиция департаменті бастығының нұсқауы бойынша облыс аумағындағы елді мекендерден шығаберісте және республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 34 мобильді бекет қойылды, онда 30 патрульдік автокөлікте 60 қызметкер қызмет атқарды», - деп атап өтті ведомстводан.

Қаңтардың 12-нен 13-не қараған түні жолда қар құрсауында қалған 528 автокөлік пен 1000-нан астам адам, оның ішінде 10-ға жуық бала эвакуацияланды. Жылыту пунктеріне 80-ге жуық адам орналастырылды. Осы күндері облыс аумағында 22 жол-көлік оқиғасы болып, одан 7 адам түрлі дене жарақатын алды. Адам шығыны болған жоқ.

Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарына жылдамдық режимін сақтауды, алыс сапарлардан мүлдем бас тарту жөнінде кеңес береді.

Ал қиын жағдайға тап болған кезде «112» бірыңғай нөміріне немесе «102» арнайы желісіне қоңырау шалу қажеттігін айтады.

Еске сала кетейік, кеше облыс аумағындағы тас жолда 55 көліктің қатысуымен жол апаты орын алып, 6 адам зардап шекті.


Жоғары қарай