Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Ақмола облысында Армениядан әкелінген 350 көлік тіркеуден өтуі қажет

2020 жылдың 5 маусым 2020 06:33

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Армения Республикасынан әкелінген 350-ден астам автокөлік тіркеуден өтуді қажет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, биылғы жылдың 1 мамырынан бастап, Қазақстанда Армения елінен әкелінген автокөліктерді тіркеу науқаны басталды. Ақмола облысында соңғы тәуліктің ішінде 40 азамат өтінішпен жүгінсе, оның 11-і көліктерін тіркеп, мемлекеттік нөмір алды.

«Ақмола облысында үш күннің ішінде 19 көлік тіркелді. Оның үшеуі тұрғылықты жері бойынша Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығынан мемлекеттік нөмірін алды», - дейді ведомстводан.

Атап өтілгендей, мамандандырылған ХҚО-ларда туындаған барлық мәселе бойынша әкімшілік полиция қызметкерлері кеңес беруде.

Жалпы, Ақмола облысы аумағында Армениядан жеткізілген барлығы 504 автокөлік құралы бар болса, оның 353-і (151-інің рулі он жақта орналасқан) тіркеуден өтуі тиіс.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Аймақ, Ақмола облысы,
Жоғары қарай