Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Ақмола облысында алғашқы кәсіби волейбол клубы құрылды

2019 жылдың 25 қазан 2019 22:06

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында алғашқы кәсіби волейбол клубы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілетеме жасап.

Жас волейбол командасы ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы лигасында өнер көрсететін болады.

«Ұшқын Көкшетау» клуб ұжымымен кездескен аймақ басшысы Ермек Маржықпаев жаңа команданың өңірде жастар мен ересектер арасында бұқаралық спорттың, оның ішінде волейболдың дамуына септігін тигізетінін атап өтті.

«Жігіттерге тартысты ойын мен жеңіс тілеймін. ҚР Чемпионатында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, жанкүйерлерін қуантатына тілектестігімді білдіремін», - деді аймақ басшысы Ермек Маржықпаев.

Бүгінгі күні Ақмола облысы аумағында 24 мыңнан астам адам волейбол айналысады. Әсіресе, балалар арасында волейболды дамытуға көп көңіл бөлінуде. Облыстың он ауданындағы спорт мектептерінде 500-де астам бала волейболға ден қоюда.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Спорт,
Жоғары қарай