Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола облысында 8 жасар қыз баланы ит талады

2022 жылдың 22 сәуір 2022 17:43

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарт - Ақмола облысында ит талаған 8 жасар қыз бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 21 сәуір күні Зеренді ауданының Шағалалы ауылында болған. Полиция бөліміне 33 жастағы әйел хабарласып, шығыс еуропалық тұқымды иттің иесіне шара қолдануды сұраған.

«Әйелдің сөзінше, сағат 19:30 шамасында көршінің иті көшеде жүрген 8 жасар қызына шабуылдаған. Қызды ит аузынан әжесі аман алып қалады. Басы мен кеуде тұсынан жарақаттанған бала медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлер көмек көрсеткен соң үйіне жіберілді»

, - деді полицияның баспасөз қызметі.

Иесі иттің байлаулы тұрғанын, алайда өздері жоқта шынжырдан босап кеткенін айтқан.

«Ауыл тұрғынына қатысты полиция қызметкерлері 407-2-баптың 1-бөлігінің 4-тармағы (үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Иесіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу қарастырылып отыр»

, - деп толықтырды баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақмола облысында мемлекеттік орган ғимаратын өртемек болғандар іздестіріліп жатыр.



Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға, Бала,
Жоғары қарай