Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында 624 рұқсат етілмеген қоқыс төгу орны анықталды

2021 жылдың 21 тамыз 2021 15:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облыстық экология департаменті Көкшетау қаласының маңында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою бойынша баспасөз турын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Экологиялық, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, іс-шараға департамент басшылары Қ.Бейсенбаев, Е.Ахметов, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері, Көкшетау қаласы әкімдігінің, Көкшетау қаласының ТКШ және ЖК басқармасының өкілдері, ЛС-Көкшетау компаниясының өкілдері, БАҚ өкілдері («Арқа Ажары», «Акмолинская правда», «Экологический вестник», «Юридическая газета» республикалық газеттерінің, «Степной Маяк», «Кокшетау сегодня» қалалық газеттері), Ақмола облысының ақпараттық порталы sinegor.kz, «Көкше ТВ», «Хабар 24» телеарналарының өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың 130 орны, оның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келетін рұқсат ету құжаттары бар 24 полигон орналасқан.

«2021 жылы жүргізілген жұмыс нәтижесінде ғарыштан түсірілген суреттер арқылы Ақмола облысында 624 рұқсат етілмеген қоқыс орындары (Көкшетау қ. - 147, Степногорск қ. - 51, Зеренді ауданында - 67, Целиноград ауданында - 294, Аршалы ауданында - 13, Ақкөл ауданында - 22, Шортанды ауданында - 34, Біржан Сал ауданында - 4) анықталды. Оның ішінде 364-і жойылды», - деп атап өтеді министрліктен.








Жоғары қарай