Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола облысында 47 жастағы науқас ер адам іздестірілуде

2022 жылдың 28 мамыр 2022 17:17

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Купчановка ауылындағы арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығынан кетіп қалған 47 жастағы науқас ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Сергей Иванович Шуваловтың жоғалғандығы туралы 27 мамырда сағат 12:40 шамасында хабарланған.

«Анықталғандай, ер адам Купчановка ауылындағы арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында емделіп жатқан. Сол күні сағат 10:00 шамасында мекеме аумағынан өз еркімен кетіп қалған. Қазіргі кезде оны іздеу шаралары жүргізілуде. Оның суреті мен ол туралы деректер полицияның аумақтық бөлімшелеріне жіберілді», - деді ведомстводан.

Жоғалған ер адам үстіне сұр футболка, қара трико және ақ түсті бейсболка киген. Тәртіп сақшылары Сергейдің жүрген жерін білетін немесе көрген адамдар болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.

Айта кетсек, он екі күн бұрын жоғалған көкшетаулық орманнан табылды.


Жоғары қарай