Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында «30 игі іс» акциясы өтіп жатыр

2021 жылдың 25 ақпан 2021 12:19

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Ақмола облысында «30 игі іс» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акция барысында Ақмола облыстық жастар-ресурстық орталығы волонтерларды қолдау орталығымен бірлесіп, Көкшетау қаласының №1 арнайы мектеп-интернатына барып, ауласын қардан тазартумен акцияны іске асырды.

Сондай-ақ, бұл игі іс-шараны областық жастар-ресурстық орталығы және волонтерларды қолдау орталығы қаламыздың жоғары оқу орындарына жолдап, акция жалғасын тапты.

Жыл басынан бері облыс аумағында волонтерлердің және жақсылық жасаудан тайынбайтын ерікті жандардың арқасында 50-ден астам жалғыз басты қарт адамдардың және денсаулығы мүшкіл мүгедек жандардың үйлеріне барып аулаларын қардан тазартып көмектесті.




«Атбасар ауданында акцияға барлық селолық округтер қатысуда. Сондай-ақ, «Helpinghand» волонтерлер корпусы, «JasMura» жастар кешені, студенттер мен мектеп оқушылары атсалысуда», – дейді Атбасар аудандық жастар-ресурстық орталығының басшысы Назгүл Жәкішева.




Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға әлеуметік пакеттер үйлестірілуде.


Жоғары қарай