Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмола облысында 2 жастағы сәбиден коронавирус анықталды

2020 жылдың 28 маусым 2020 14:02

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында соңғы тәуліктің ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 23 жағдайы тіркелді.

Жұқтырғандардың арасында 2 жастағы сәбиде бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, вирус жұқтырғандар 60-33 жастағылар арасында 8 ер адам және 71-34 жастағылар арасында 14 әйел. Сондай-ақ, коронавирус 2018 жылы туған сәбиден анықталды. Оның ішінде Көкшетау қаласында – 2, Бұланды ауданында – 11, Целиноград ауданында – 6, Біржан сал, Жарқайың, Есіл және Сандықтау аудандарында бір адамнан тіркелді.

«Коронавирус анықталған 23 адамның 9-ы бұрын жұқтырғандармен байланыста болғандар. 14 адам медициналық мекемелерге барып, өздігінен жүгінгендер ретінде тіркелген», - дейді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, науқастарға бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес медициналық көмек көрсетіледі. Үй ошағында эпидемияға қарсы дезинфекциялау, сондай-ақ, науқастармен байланысты болған адамдары анықтау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіледі.

Жалпы, Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 457 адамды құрады.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай 2020 жылғы 27-28 маусым демалыс күндері шектеулер енгізу туралы Ақмола облысының бас санитарлық дəрігерінің кезекті қулысы шыққан болатын.


Жоғары қарай