Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында 2 адам өрттен көз жұмды

2021 жылдың 20 сәуір 2021 22:23

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде екі адам өрттен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін Көкшетау қаласының Застанционный кентіндегі жеке тұрғын үйден өрт шықты.

«Өрт сөнліру кезінде 1969 жылғы үй иесінің денесі табылды. Қазіргі кезде, өртің шығу себептері анықталып жатыр. Өрт-техникалық тергеу тағайындалды.Үй иесінің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деді ведомстводан.

Сонымен бірге, сәуірдің 19-да Бурабай кентінде күзет вагонында өрт шықты. Мұндағы тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 2 арнайы өрт сөнліру техникасы жұмылдырылды. Өрт болған жерден 1955 жылғы күзетшінің денесі табылды», - деп толықтырды ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері көп жағдайда өрт – адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және немқұрайлылық салдарынан болатынын еске салады.











Жоғары қарай