Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында 12 педагог жалған дипломмен жұмыс істеген

2020 жылдың 20 қазан 2020 17:17

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 12 педагогтың ауылдық жерлерде жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл мұғалімдер математика, қазақ тілдері пәндерінен сабақ беріп келген.

«Мәселен, 2020 жылдың 16 қазанында полиция қызметкерлері өңірдегі ауылдардың бірінде тұратын 31 жастағы әйелдің жалпы білім беретін мектепке педагог ретінде жұмысқа орналасуы үшін аудандық білім бөліміне жоғары білім жөнінде жалған диплом бергенін анықтады.

«Жалған педагогтың үстінен Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі («Жалған құжат, штамп, мөр, бланк, пошта төлемінің мемлекеттік белгісі, мемлекеттік награда жасау және сату») бойынша іс қозғалды. Күдікті қылмысын мойындады. Ол дипломның жалған екенін білген және оны сатып алу үшін қыруар ақша төлеген», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, дипломы жалған болып шыққан мұғалімдердің барлығы 2 жылдан астам уақыт жұмыс істеген.


Жоғары қарай