Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ақмола облысы Қазақстан және Ресей өңіраралық форумына дайындалуда

2020 жылдың 17 ақпан 2020 17:45

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Күзде Қазақстан және Ресей Президенттерінің қатысуымен Көкшетауда өтетін өңіраралық форумға келетін қонақтар жаңартылған қонақ үйлер мен отельдерге жайғастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Облыс орталығында өтетін форумға қатысушыларды орналастыру үшін барлығы 920 орындық, 516 нөмірі бар 25 қонақүй бар. Қазіргі кезде сырттан келетін қонақтарды жайғастыру үшін қонақ үйлердің нөмірлері жаңартылуда. Қонақ үйлердің сыртқы келбеті мен материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нөмірлері қалпына келтірілуде. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың бірі – «Достық» үй конақүй кешені. Қонақүй кешенінің бас менеджері Людмила Приходьканың айтуынша, 20 жылдан астам қонақүй нарығында тәжірибесі бар отельдің қонақтарды жоғары деңгейде қарсы алуға шамасы жеткілікті.

«Жыл басынан бері қонақүйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нөмірлер мен сантехника, жиһаз, төсек орындардың барлығы бір стилде жаңартылуда. Бесінші қабатта жөндеу жұмыстары аяқталды, жетінші қабаттағы жұмыс таяуға жақын. Бірінші қабатта лобби және ресепшн аймағы қалпына келтірілді. Бұдан бөлек, қонақ үйдің іші мен сыртқы көліктер тұрағы аумағында тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі. Бұның барлығы халықаралық стандартқа сай болуға бағытталған», - дейді қонақүй менеджері.

Сонымен қатар, қонақтарды жоғары деңгейде қабылдауға «Көкшетау» қонақүй кешеніндегі 45 нөмірде қалпына келтірілуде. «Plaza Hotel» қонақүй кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Форумға қатысушылардың орналасуына 75 пәтер қоры бар сегіз бюро, жаңадан салынып жатқан 260 пәтерлі «K.G.S. Сауда» ЖШС тұрғын үй кешені тартылмақшы. Бұдан бөлек, форум қонақтарын Көкшетаудан бөлек, облыс орталығына жақын орналасқан Бурабай курортында 1 657 нөмірлі, Зеренді курортында 400 нөмірлі қонақ үйлер қарсы алады. Сондай-ақ, 3 210 орындық 12 мейрамхана қызмет көрсететін болады.

Жоғары қарай