Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Ақмола облысы бойынша техникалық реттеу департаментіне жаңа басшы тағайындалды

2020 жылдың 10 қаңтар 2020 23:51

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Рүстем Әйменов ҚР Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және бақылау комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рүстем Ханатұлы 1985 жылы 27 наурызда Алматы қаласында туған.

2008 жылы Еуразия ұлттық университетін «Стандартизация, метрология және сертификация» мамандығы бойынша бітірген.

2012 жылы Cardiff Metropolitan University, бизнес- әкімшілендіру магистрі, МВА тәмамдады.

2008 жылы «Қазақстанның метрология институты» РМК, «Ұлттық аккредитация орталығы» ЖШС басшылық қызметтерде, «Халықаралық жазыл технологиялар және инвестициялық жобалар» КАҚ жанындағы «Энергоинформ» АҚ, «Қазақстанның жылжымалы тексеру қызметі» ЖШС бас директоры болды» - деп жазды М.Иғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында.


Жоғары қарай