Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысы аумағында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

2020 жылдың 20 қараша 2020 10:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда және Ақмола облысында Ақмола облысының аумағында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, 18 қараша күні Нұр-Сұлтанда полицейлер Ақмола облыстық полиция департаментіндегі әріптестерімен бірлесіп қылмыстық топтың төрт мүшесін ұстады.

Қазіргі кезде олар мал ұрлаудың төрт фактісіне қатысы бар екені анықталған. Қылмыскерлер түнгі уақытта далада жайылып жүрген ірі қара малды атып, етін сол жерде мүшелеп, оны елорда базарларында сатқан.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы («мал ұрлау») бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай