Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 380.84
EUR 419.50
RUB 6.05
CNY 54.90

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

2019 жылдың 25 қазан 2019 18:33

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Алтынай Байқадамқызы Әміренова облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алтынай Байқадамқызы 1973 жылы 23 маусымда Қарағанды облысында туған.

1996 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетін филолог, орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі, 2008 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1990 Қарағанды мемлекеттік медициналық интситутында бастаған.

1997-2000 жылдары Қарағанды облысының Қарой орта мектебінде, Нұр-Сұлтан қаласындағы №8 орта мектепте мұғалім болып еңбек етті.

2003 жылы Степногорск қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінде бас маман ретінде мемлекеттік қызметке орналасты. Кейін еркін-талдау және ішкі саясат бөлімдерінің басшысы лауазымында болды.

2008 - 2012 жылдары Көкшетау қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2012 жылдан бастап оы жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет істеді.

Жоғары қарай