Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Аққулы ауданында мұз астынан балық аулаудан 70-ке жуық балықшы сынға түсті

2019 жылдың 3 наурыз 2019 18:38

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық аймағында Ертіс өзенінің жағасында мұз астынан балық аулаудан жарыс өткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы ішкі саясат бөлімінің маманы Аманжол Ерен мәлім етті.

«Жыл сайын өтетін дәстүрлі балық аулаудан сайысқа биыл Ақсу, Павлодар, көршілес жатқан Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауылынан келген азаматтар қатысты. Жалпы он үш команданың құрамында үш адамнан және жекелей 20 адам балық аулаудан сынға түсті»,- дейді Аманжол Ерен.

Жарыстың өтуіне мұрындық болған жергілікті әкімдік пен ардагерлер қоғамы балықшыларға тегін ыстық тамақ пен шай дайындады.

Ең алғашқы балық аудандық аурухананың тіс дәрігері Дархан Қалиевтың қармағына түскен. Қызыләскер ауылдық аймағы Черное ауылының тұрғыны бес жасар Әсия Тұрғынбай - «Ең кішкентай балықшы», 78 жастағы Әзкен Дүйсенұлы - «Ең үлкен балықшы» және Жаңатаң ауылының құрама командасы «Ең ірі балық» аталымына лайық деп танылды.



null

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында Черное ауылынан Сейсенбай Аманжолов жеңімпаз атанды. Жалпы командалық есепте 1 орынды жеңіп алған ШҚО командасы бір келі 600 грамм алабұға алып кеткен. Нәтижесінде Жаңатаң ауылының құрамасы 2 орынды, «Достар» құрамасы 3 орынды иеленді.

Бірінші орынға ақшалай сыйлық ретінде 15 бес мың, екінші орынға 10 мың және үшінші орынға бес мың теңге табыс етілді және «Мaster-fish» дүкенінен сертификаттар мен кубок ұсынылды.




null


null

Басты сөздер: Павлодар облысы, Қоғам,
Жоғары қарай