Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әкімдерге карантин шараларын күшейтуді қарастыру тапсырылды

2020 жылдың 11 маусым 2020 17:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметі жанындағы Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия санитарлық режимді күшейту мәселелерін қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал, халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, халықаралық әуе қатынастырын кезең-кезеңмен ашу және басқа да өзекті мәселелер қаралды.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова өз баяндамасында халық арасында санитарлық тәртіптің сақталмауының кесірінен елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келе жатқанын атап өтті.

«Ауру адаммен байланыста болғандардың арасында вирусты жұқтырғандар саны артты, оның ішінде бір отбасы мүшелері арасында сырқаттану жағдайы көп тіркелуде. Өткен екі аптада коронавирусты жұқтырғандардың жартысына жуығы ұжымдарға қатысты болып отыр», — деді ол.

Осыған орай, Премьер-Министрдің орынбасары індетке шалдығу саны артып отырған өңірлердің әкімдіктеріне карантин шараларын күшейту мәселелерін қарастыруды тапсырды.




Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторингілік топтардың жұмысын күшейтуді, талаптарды орындамаған объектілердің қызметін анықталған кемшіліктер жойылғанша уақытша тоқтату бойынша нақты шаралар қабылдауды қолға алуы қажет.
Мемлекеттік орган басшыларына ұжымның 80% қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыру ұсынылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус 13558 адамнан анықталды. Оның ішінде жазылып шыққандар саны - 8400, қайтыс болды - 67 науқас.


Жоғары қарай