Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әкім сайлауы: Қай өңірде сайлаушылар дауыс беру жағынан көш бастап тұр

2021 жылдың 25 шілде 2021 15:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жергілікті сайлау комиссиялары сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 14 өңірдегі әкім сайлауында дауыс беру көрсеткішін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әзірге әкім сайлауындағы белсенділік бойынша Жамбыл облысы көш бастап тұр. Мұнда сайлаушылардың 72,9 пайызы дауыс беріп үлгерген.

Ақмола обысында дауыс берушілердің 50 пайызы, Ақтөбе облысында – 52,8 пайыз, Алматы облысында – 53 пайыз, Атырау облысында – 50,2 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында – 66 пайыз, Жамбыл облысында – 72,9 пайыз, Батыс Қазақстан облысында – 53 пайыз, Қарағанды облысында – 48,1 пайыз, Қостанай облысында – 63,7 пайыз, Қызылорда облысында – 49 пайыз, Маңғыстау облысында – 36,6 пайыз, Павлодар облысында – 55,3 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысындаа – 61,2 пайыз, Түркістан облысында – 56,1 пайыз сайлаушылар сағат 14.00-ге дейін таңдау жасап үлгерген.





Жоғары қарай