Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әкім сайлауы: 14 өңірде де дауыс беру қарқыны үдей түсті

2021 жылдың 25 шілде 2021 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Жергілікті сайлау комиссиялары сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 14 өңірдегі дауыс беру бюллетенін алған сайлаушылардың саны туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі сәтте келген ақпараттар бойынша белсенділік тізгіні Жамбыл облысынан Шығыс Қазақстан облысына өткен. Бұл өңірде сайлаушылардың 85,4 пайызы дауыс беруге келген.

Ақмола обысында дауыс берушілердің 63,5 пайызы, Ақтөбе облысында – 69,8 пайыз, Алматы обылсында – 66,3 пайыз, Атырау облысында – 71 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында – 85,4 пайыз, Жамбыл облысында – 84,1 пайыз, Батыс Қазақстан облысында – 69,2 пайыз, Қарағанды облысында – 67,3 пайыз, Қостанай облысында – 81 пайыз, Қызылорда облысында – 71,7 пайыз, Маңғыстау облысында – 64,2 пайыз, Павлодар облысында – 70,9 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысындаа – 80,2 пайыз, Түркістан облысында – 69,9 пайыз сайлаушылар сағат 18.00-ге дейін дауыс берген.





Жоғары қарай