Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әкім лауазымын «сатып алмақ» болған жамбылдық шенеунік жұмысынан қуылды

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 13:50

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Әкім лауазымын «сатып алмақ» болған Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтің ісі қаралды. Ол жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы байланысып, аудан әкімінің қызметін «сатып алу» жөнінде сөйлескен.

Мейіржан Сүлейменовтің өзі бұл жай ғана достар арасындағы әзіл әңгіме болғанын айтты.

Өңір әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында М. Сүлейменов атқарып отырған қызметінен босатылды.


Жоғары қарай