Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақан Рахметуллин АӨІСШК елдерін Қазақстанның Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру бастамасын қолдауға шақырды

2021 жылдың 12 қазан 2021 13:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азия жаһандық халықаралық қарым-қатынастың эпицентріне айналды. Бұл туралы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Азия экономикалық әлеует тұрғысынан да, жаһандық саясатқа ықпал ету тұрғысынан да жаһандық халықаралық қарым-қатынастың эпицентріне айналып отыр.

Дегенмен, өкінішке орай өңір елдері ұзақмерзімді салалардағы айтарлық қатерлермен, сонымен қатар жаңа сын-тегеуіріндермен бетпе-бет келіп отыр», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Оның атап өтуінше, мұндай сын-тегеуіріндерге эпидемиологиялық, медициналық және азық-түлік қауіпсіздігі, табиғи және техногендік апаттар жатады.

«Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас ассамблеясының 75-сессиясында Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамасын атап өткім келеді. АӨІСШК елдері бұл бастамаға қолдау көрсететіндігіне және оны халықаралық алаңдарда ілгерлетуге септеседі деп үміттенеміз», - деді Ақан Рахметуллин.


Жоғары қарай