Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ақ жол» газеті материалдарының 25 томдық жинағы жарық көрді

2020 жылдың 11 маусым 2020 15:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық баспасөз ұлттық тарихты танытуға, елдіктің берік іргесін нығайтуға үлкен еңбек атқарды. Бұл туралы «Ақ жол» газеті материалдарының 25 томдық жинағының тұсаукесерінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жас ұрпақ ата-бабамыздың жасаған еңбегін, мұрасын көріп өссе - саналық ұрпақ болып өседі деп ойлаймын. Біздің ғалым, тарихшы, қоғам қайраткерлеріне еліміз үшін жасап жатқан еңбегі үшін алғыс айтамын», - дейді Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешов.

Ол Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың осы туындының шығуына мұрындық болған мамандарға айтқан алғысын жеткізді.

«Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы «Біздің заманымыз - өткен дәуірдің перзенті, келер заманның – атасы» деген екен. Тәуелсіздік жолында күресіп өткен ұлы балаларымыз нағыз ержүрек, данышпан болған. Ешбір ел өткен тарихы мен бүгінгі күннен сабақ алмай келешегін жасай алмас. Егемендіктің жаңа лебі мен қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың есімі жаңғырды. Кешегі кеңестік саясат халық жадынан өткен тарихымыз бен сол тарихты жасаған қайраткердерімізді танытуға жол ашпады. Осы тұрғыдан келгенде біз ұлы тұлғаларымызды ұмытудың аз-ақ алдында қалдық. Біздің бұл жолдан құтқарып, өшкенімізді жандырып, өлгенімізді тірілткен - тәуелсіздік. Сонымен қатар, бұл орынға қазақ баспасөзін де жатқызуға болады. Ұлттық баспасөз ұлттық тарихты танытуға, елдіктің берік іргесін нығайтуға үлкен еңбек атқарды. Өткен ғасырдың бас кезінде жарық көрген «Ақ жол» газетінің мақалаларынан құралған көптомдық кітаптың тарихи-танымдық тұрғыдан қарағанжа шын мәнінде саналы оқырман қауымға берері мол. Ондағы алаш зиялыларының өткір ойлары күні бүгінге дейін өзекті екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлұлының қазақ және орыс тілінде жарық көрген таңдамалы шығармалары, Азамат соғысы өршіген 1914-1919 жылдар аралығында қазақ өлкесіндегі кен өндіру орындарында бес жыл қызмет атқарып, алаш жұртының тыныш-тіршілігі, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын хатқа түсірген ағылшын инженері Джон Вольфордтың үш тілде жарық көрген еңбегі, Арман Ахметовтың «Әбілмәмбет хан әулеті» еңбегі кешегі кеңестік саясаттың кесірінен ұмыт болған тарихи тұлғаларымызды кеңінен танытады. Бұл жолда «Ақ жол» демократиялық партиясы, қоғам қайраткері Ханбибі Есенқарақызы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Алаш» зерттеу институты, «Алашорда» қоғамдық қоры өкілдері едәуір еңбек сіңіргенін атап өтуіміз керек. Аталған туындылардың болашақ ұрпаққа берері мол», - делінген Ақтоты Райымқұлованың лебізінде.


Жоғары қарай