Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық - Президент

2020 жылдың 31 наурыз 2020 21:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық. Бұл туралы республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары. Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым. Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты.Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық», - деді Мемлекет басшысы.

Президент төтенше жағдай режімінің қашанда экономикалық және әлеуметтік салдары болатынын еске салды.

«Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды», - деді Қ. Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы 42 500 теңге көлеміндегі көмекті алатын азаматтар санатының кеңейтілетінін айтты.



Жоғары қарай