Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Air Astana ұшағына бомба қойылды»: Компания ақпаратқа қатысты мән-жайды түсіндірді

2021 жылдың 19 қараша 2021 18:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі ұшаққа «бомба» қойылғаны туралы ақпаратқа қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың 18 қарашасы күні сағат 20:45-те Air Astana әуе компаниясына көршілес елдің аумағы арқылы өтетін әуе бағдарында қауіптің бар екендігі туралы хабарлама түсті. Анонимді хабарламада әуе компаниясының атауы да, рейс нөмірі, датасы және уақыты да көрсетілмеген. Әуе компаниясы қауіпсіздік іс-шараларын шұғыл күшейтіп, өзінің барлық рейстерінің ұшып келу және ұшып кетуі кезінде қосымша тексеру жұмыстарын жүргізді.

Қауіп туралы ақпарат дәлелденген жоқ. Барлық материал тиісті іс-шара қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді», - деп атап өтеді әуе компаниясының баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі белгісіз адамның «Пулково - Нұр-Сұлтан» бағытындағы ұшаққа бомба қойылғанын хабарлағаны туралы ақпарат таратқан болатын.


Жоғары қарай