Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Air Astana компаниясы жүк тасымалдауды қолға алады - Питер Фостер

2020 жылдың 4 маусым 2020 22:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостер дағдарысқа қарсы қандай шаралар жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес отырысында Нұрсұлтан Назарбаев компания басшысына алдағы жұмыс жоспар жөнінде сұрақ қойды.

«Сіздің компанияңыз барлық халықаралық қағидалар мен талаптарға сай жұмыс істеп жатыр. Бұл бізді қуантады. Өкінішке қарай, әлемдегі қазіргі ахуал әуе тасымалын, әсіресе жолаушылар тасымалын азайтты. Бұл жөнінде сіздің пікіріңіз бен алдағы жұмыс жоспарыңызды білгім келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Өзіңіз атап өткендей, авиациялық индустрия бұрын-соңды болмаған жағдайды бастан кешуде. Барлығы күрделі жағдайда. Бірақ, біздің жолымыз болды, біз дағдарысқа 14 ай табысты жүргізілген трендтеуден кейін келіп отырмыз. Өз қаржылық ағынымызды кідірту және ұстап тұру мүмкіндігі болды. Күрделі дағдарыстық кезеңге қарамастан, жаңа бағыттар да ашылып жатыр. Қазіргі жағдайда әуе жүк тасымалы сұранысқа ие және Air Astana осы бағытқа бет бұрды», - деді Питер Фостер.

П. Фостер компанияның бастапқыда тек қана жолаушылар тасымалдағанын, ал қазір жүк тасымалдау мәселелерінің егжей-тегжейін қарастырып жатқанын жеткізді.

«Бүгінде бізде Қытайға және Еуропа елдеріне бағытталған 32 чартеріміз бар. Жүкті де, жолаушыны да тасымалдауы үшін кейбір Боинг-767 ұшақтарымызды өзгертіп жатырмыз. Air Astana жүк тасымалдары үшін бөлек дивизион орнатып жатырмыз. Жақында 2 Боинг-767 жүк тасымалдары үшін қайта құрастырылады. Бұл – біздің дағдарысқа әрекет ету шараларымыз», - деді Air Astana басшысы.


Жоғары қарай