Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Аида Балаева төтенше жағдай кезінде қалай кеңес алуға болатынын түсіндірді

2020 жылдың 24 наурыз 2020 17:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің көмекшісі — Президент Әкiмшiлiгi өтiнiштердi қарауды бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi Аида Балаева төтенше жағдай кезінде қалай кеңес алуға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдай режимінде қазақстандықтардың көпшілігін заңгерлік көмек, жұмыспен қамту, материалдық өтемақы алу сынды кең ауқымды қамтитын мәселелерге қатысты кеңесті қажет етеді. Бұл сауалдардың жауабын мемлекеттік органдардың іс жүзінде тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталықтарына жүгіну арқылы алуға болады. Мәселен,соңғы бірнеше тәулікте Әділет министрлігінің ғана колл-орталығына 3 мыңнан астам азамат жүгінді. Адамдардың өздігінен сауатты кеңес алу үшін мамандарға байланысуы, сол арқылы қателіктердің немесе біреулердің астыртын әрекетіне құрбан болмауы қуантады. Қалған азаматтарымыздың да мемлекеттік органдар консультациялық көмек беруге дайын екендігін қаперде ұстауы барынша маңызды», - деп жазды Аида Балаева Facebook парақшасында.

Оның атап өтуінше, қазіргі жағдайда халық тарабынан түрлі сипаттағы мәселелер туындайды.

«Көптеген қазақстандықтар абыржу, алаңдау және сасқалақтау жағдайында жүргендігі таң қаларлық жайт емес. Бірақ, барлық мемлекеттік органдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ең бастысы мемлекет жария еткен шаралар қазақстандықтардың күрделі жағдайдан мықты әрі ұйымшыл болып шығуына көмектеседі. #BizBirgemiz», - деді ол.





Жоғары қарай