Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аида Балаева: «Серпін» бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам адам жұмысқа тұрды

2021 жылдың 24 қараша 2021 11:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келер жылдан бастап 17 өңірдегі жастар саясатының орындалуы жаңа индекс бойынша бағаланады. «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық жастар форумында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осныдай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2014 жылы қабылданған «Серпін» бағдарламасы бойынша бүгінге дейін 8 мыңға жуық жас оқуын аяқтап, оның ішінде 5 мыңнан астам жас жұмысқа қабылданды. Еліміздің 2010 жылы негізі қаланған волонтерлік бағыт бүгінде 50 мыңнан астам мүшесі бар, құрамына мыңнан астам мүшесі бар, құрамына 3,5 мыңнан астам ұйымнан біріктірген үлкен қоғамдық күшке айналды. Бүгінде әлеуметтік, экологиялық, мәдениет, медицина, спорт саласында еріктілердің күшімен 1000-нан астам жоба табысты іске асып келеді», -деген министр Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы жұмысшы жастарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019-21 жылдар аралығында 9 мың пәтер берілгенін еске салды.

«Елбасы негізін қалаған жастар саясатын бүгінде Мемлкет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да сабақтастықпен жалғастырып келеді. Жас ғалымдарды қолдау үшін ғылыми зерттеу жобаларын қаржыландыру көлемі 9 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Биыл Мемлкет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ғылыми зерттеу жобалардың мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл жас ғалымдардың ұл жас ғалымдардың 35 жасқа дейін ғылыми зерттеулермен алаңсыз айналысуына мүмкіндік береді.

Біз биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастарды дамытудың қазақстандық индексті әдстемесін әзірледік. Келер жылдан бастап индекс шеңберінде барлық 17 өңірдегі жастар саясатының орындалуы бағаланады. Бұл барлық деңгейдегі жобалардың тиімділігін анықтап, нақты проблемалаық салаларды айқындап, тиісті шешім қабылдауға мүмкіндік береді», - деді Аида Балаева.


Жоғары қарай