Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аида Балаева Қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы тақырыптық апта өткізуді ұсынды

2021 жылдың 9 желтоқсан 2021 19:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Оған Кеңестің барлық белсенді мүшелері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ведомстволық бағынысты ұйымдар басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Дархан Мыңбайдың төрағалығымен және Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен өткен отырыстың күн тәртібі «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы іс-шаралар жоспарының сұрақтарына арналды.

21 көрсеткіш пен 66 ірі іс-шараны қамтитын «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының негізгі үш бағытын іске асыру барысы туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры У.Тналиев айтып берді.

Өз кезегінде, Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы М. Қожахмет Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге жоспарланған 101 іс-шараның 75-і іске асырылғаны туралы Қоғамдық кеңес мүшелерін хабардар етті. «Қалған іс-шаралар республикалық жоспарға сәйкес белгіленген мерзімде желтоқсан айының соңына дейін жүзеге асырылады», - деді М.Қожахмет.

Қоғамдық кеңес мүшелері министр А.Балаеваның 2022 жылы азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен қоғамдық кеңестердің тақырыптық апталығын өткізу жөніндегі идеясын қолдады.

Дархан Мыңбай бұл идеяның өзектілігін атап өтті. Ол Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық кеңестердің қызметі жөніндегі уәкілетті орталық мемлекеттік орган екендігін атап өтті.

Аида Балаеваның айтуынша, бұл шара азаматтық қоғамның маңызды институтының алдын ала қорытындыларын шығару үшін де, сондай-ақ олардың Қазақстандағы қызметін одан әрі жетілдіру бойынша тәсілдерді әзірлеу үшін де өзекті.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мәлім еткендей, жалпы, отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері ведомствоның жүргізіп отырған жұмысында ескерілетін ұсынымдар әзірледі.

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысын 2022 жылдың I тоқсанында өткізу жоспарланған.


Жоғары қарай