Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аида Балаева: Елордада «Журналистер аллеясын» ашу жоспарлануда

2021 жылдың 25 маусым 2021 14:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында интернетке тегін қосылу мүмкіндігі қарастырылған «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-те жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті ақпарат саласының қызметкерлері!

Баршаңызды кәсіби мерелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен елордамызда «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарлануда. Тегін интернетке қосылу мүмкіндігін қарастыратын аллея тілшілер қауымының шығармашылығын шыңдайтын жер ғана емес, бас қаламыздың барша тұрғындары мен қонақтары үшін де ең сүйікті орынға айналады деп сенемін.

Аллеяға өмірден өтіп кеткен журналистикадағы жарқын тұлғалардың есімдері жазылған арнайы ағаштар өсіріп, еске алу тақталарын орнатамыз. Сондықтан аллеяны ашу мерзімін көшет отырғызуға ең қолайлы кезең күз маусымына ауыстырдық», - деді А.Балаева.

Министрдің айтуынша, бұл бастама тағы бір бірегей жобаның аясында бас қосып, пікір алмасып, бірігіп игі іс атқаруға жол ашатын тамаша мүмкіндік болады.


Жоғары қарай