Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аида Балаева БАҚ бостандығы мәселелері бойынша ЕҚЫҰ өкілімен кездесті

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 13:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Тереза Рибейроның Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне сапары аясында кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А.Балаева азаматтардың ақпаратты еркін алуға және таратуға конституциялық құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету жолындағы Қазақстанның дәйекті қадамдары, сондай-ақ пандемия жағдайында БАҚ-ты қолдау және кірістерді қысқарту жөніндегі шаралар туралы айтып берді.




Министр БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Екіжақты өзара іс-қимылдың маңыздылығын ескере отырып, А.Балаева Т. Рибейроны министрліктің БАҚ-ты дамыту саласындағы түрлі жобалары аясында өзара жемісті жұмысқа шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар БАҚ-ты дамыту саласының барлық негізгі мәселелері бойынша байланысты дамытуға келісті.





Жоғары қарай