Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында аллея ашылды

2022 жылдың 27 сәуір 2022 15:06

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында аллея ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аллеяның Талдықорғанда ашылуының өз мән-мағынасы бар. Тіл білімі институтының ғалымдары Ахмет Байтұрсынұлы Жетісу өңірі туралы көп зерттеу жүргізгендігін айтады.

«Жетісуға байланысты деректерді өте жақсы білген. Мына жақта «Мамания» мектебі бар. Қапалдағы Барлыбек Сырттанов мектебі бар. Қапал өңірі туралы «Қазақ» газетінде ұдайы жазып отырған», - дейді А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Ермұхамет Маралбек.

Шағын саябақ «Тіл сарайы» ғимаратының ауласында орналасқан. Алаш ардақтысының есімін ұлықтауға келген ғалымдар мен тіл жанашырлары қылқан жапырақтылар және жеміс ағаштарын отырғызып, Жетісудың бас қаласын жасыл желекке айналдыруға өз үлестерін қосты.

Жалпы, биыл Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы халықаралық деңгейде аталып өтеді. Бірнеше мемлекетте ғылыми-конференциялар ұйымдастырылып, қаламгер шығармалары мен еңбектері баспадан қайта жарыққа шығарылмақ.

Бұған дейін жазғанымыздай, биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО аясында аталып өтеді.















Жоғары қарай