Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

АХҚО қазақстандықтарды акция саудасына тартпақ

2019 жылдың 15 наурыз 2019 16:39

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (AIX) қазақстандықтарды акция саудасына тартуды жоспарлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

AIX басқарма төрағасы Тим Беннет баспасөз мəслихатында мəлім еткендей, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының құнды қағаздар бойынша сауда айналымының 66 пайызын бөлшек сауда инвесторлары қамтамасыз етіп отыр. Ұлттық компанияның акцияларын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры былтыр қараша айында «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сатып алған болатын.

Осы уақыт ішінде «Қазатомөнеркәсіп» құнды қағаздарының сауда көлемінің айналымы 15,9 млн долларға жеткен.

«Бөлшек сауда инвесторлары ІРО-ға қатыса алуы үшін біз «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесе жұмыс жүргіземіз. Әлбетте, Қазақстанда барлық адам акцияға инвестиция сатып ала алмайды. Алайда біз бөлшек сауда инвестордларының базасын күшейткіміз келеді. «Қазатмоөндіріс», «Қазақтелеком», «Эйр Астана» секілді компаниялар - қор нарығындағы инвесторлар үшін өте жақсы мүмкіндік», - дейді Тим Беннетт.

Оның айтуына қарағанда, 20-30 мыңға тарта қазақстандық биржада қазіргі таңда белсенділік танытып жатыр.

«Халықаралық көрсеткіштермен салыстырсақ, бұл әлбетте көп емес. Сол себепті, алдағы 12-18 айда бөлшек сауда инвесторларының базасын кеңейтуді көздеп отырмыз», - дейді ол.



null

AIX басшысы «Қазатомөндірістің» ІРО-ға шығуын сәтті қадамға балайды.

«Инвестор үшін өтімділік қандай, акциялардың айналымының ауқымы қандай деген сұрақтар толғандырады. Дамыған нарықтарда айналым өтімділігі 20-30 пайыз мөлшерінде болса, «Қазатомөндірісте» қазірдің өзінде 40-50 пайыз болып отыр. Әу баста біз күткен көрсеткіштен жоғары. Әлбетте, «Қазатомөндіріс» - басында басталған жұмыс. Алда әлі ауқымды жұмыстар мен тапсырмалар тұр», - дейді Тим Беннет.

Еске сала кетсек, AIX басқарма төрағасы Тим Беннет бұған дейін ҚР Қаржы министрлігі үш ірі компания - «Air Astana», «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Қазақтелекомға» қатысты IPO мерзімін айқындағанын айтқан еді.

Жоғары қарай