Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

АХҚО-да халықаралық инвесторлар апталығы өтеді

2020 жылдың 1 қазан 2020 14:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) 5-9 қазан аралығында виртуалды 2020 Халықаралық инвесторлар апталығы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Апталыққа тұтынушылар мен іскерлік орта тарапынан өте жоғары қызығушылық танытылуды.

Халықаралық инвесторлар апталығы жыл сайын әлемнің 6 континентіндегі 80 елдің қаржылық реттеушілерімен Халықаралық бағалы қағаздар комиссиялары ұйымының (IOSCO) қолдауымен өткізіледі. IOSCO – бұл қор нарығын реттеушілердің халықаралық ұйымы. IOSCO мүшелері әлемнің 115-тен аса юрисдикциясында бағалы қағаздар нарығының 95%-нан астамын реттейді. Халықаралық инвесторлар апталығын өткізу АХҚО-нің қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау бойынша IOSCO стандарттарына адалдығын көрсетеді.

«Халықаралық инвесторлар апталығы іс-шарасын бүкіл әлем бойынша реттеушілер төртінші жыл қатарынан өткізіп келеді. Біз АХҚО-да үшінші жыл өткізгелі отырмыз. АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті үшін инвесторлар мен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бірінші кезектегі мәселе болып табылады. Біз инвесторлар ұзақ мерзімді жоспарда қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізудің қосымша құралдарының бірі ретінде бағалы қағаздар нарығы беретін тәуекелдер мен мүмкіндіктер туралы көбірек білуіне ұмтыламыз. Қазірдің өзінде біз тұтынушылар мен бизнес-қоғамдастықтың АХҚО ұсынатын мүмкіндіктеріне, қандай құнды қағаздарды орналастыруға немесе инвестициялауға болатындығына, инвесторлар мен эмитенттердің мүдделері қалай қорғалатынына қызығушылық танытып отырғанын байқап отырмыз», - деді АХҚO Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бөбеев.





Сонымен, 5 қазанда басталатын апталықтың ашылуында AFSA бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бөбеев пен IOSCO бөлшек инвесторлар комитетінің төрағасы – Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының инвесторларды қорғау департаментінің директоры (Бразилия) Хосе Александр Васко кіріспе сөз сөйлейді. Осы күні АХҚО-дағы инвесторларды қорғау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыптарында баяндама жасалады. Түстен кейін АХҚО-да қаржылық қызметтер және инвестициялық мүмкіндіктер туралы дәріс оқылады.

6 қазан күні өтетін Бөлшек инвесторлар күнінде Астана халықаралық биржасының (AIX) бөлшек инвесторларға арналған инвестициялық мүмкіндіктер і таныстырылады.

Ал 7 қазанда АХҚО-дағы капитал нарықтарының қаржы құралдары таныстырылымын өткізу көзделген. Осы күні түстен кейін «Қазақстандағы халал инвестициялар» панельдік сессиясы мен « АХҚО-дағы қарыз капиталы нарығы - бақылау парағы» тақырыбында АХҚО Заң академиясының вебинары өткізіледі.

AIX-тің нормативтік құрылымы және оны қадағалау тақырыбы 8 қазанда талқыланады. Одан басқа «FinTech: балама инвестициялар» тақырыбы қарастырылып, «Отбасылық қаржы» панельдік сессиясын өткізу жоспарланған.

9 қазанда Инвесторлар күніне арналған конференция, «Сандық қаржылық қызмет аясында АХҚО-дағы инвесторларды қорғау» сессиясы, «Қазіргі әлемдегі қорларды реттеу» тақырыбындағы вебинар болады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғауды және инвестициялау негіздері туралы хабардар етуді мақсат тұтқан шараның негізгі ұйымдастырушысы AFSA АХҚО-ның әкімшілігі, AIX, Біліктілікті арттыру бюросы және АХҚО-ның Финтех хабымен бірлесіп өткізеді.

АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО-да қаржылық қызметтерді және онымен байланысты қызметті реттеу мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі болып табылады.


Жоғары қарай