Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

АХҚО Cақтандыруды қадағалау халықаралық ассоциясымен меморандумға қол қойды

2020 жылдың 1 қазан 2020 10:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА) Cақтандыруды қадағалау жөніндегі халықаралық ассоциясының (IAIS) Көпжақты өзара түсіністік туралы меморандумына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IAIS - әлемдегі барлық елдердің сақтандыру қызметін қадағалау мен реттеу жөніндегі ұлттық органдарды біріктіретін халықаралық ұйым.

IAIS Атқару комитетінің төрағасы Вики Сапортаның айтуынша , к өпжақты түсіністік туралы меморандум дағдарыс кезеңінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті қадағалау да маңызды реттеуші құрал болып табылады. Бұндай ынтымақтастық қауіпсіз және орнықты сақтандыру нарықтарының дамуына ықпал етеді.

Бұл келісім АФСА-ға сақтандыру компанияларын трансшекаралық қадағалау саласында әлемнің 74 реттеушісімен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік бермек. Меморандумның 75 қатысушысы әлемдік сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінің шамамен 76% құрайды.

«Біз IAIS көпжақты өзара түсіністік туралы меморандумына қол қойғанымызға қуаныштымыз. Бұл келісім бізге сақтандыру компанияларын трансшекаралық қадағалау саласындағы басқа реттеушілермен ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл АХҚО-да тиімді қадағалауды және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды дамыту үшін қажет», - деді АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА) бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бөбеев.


Жоғары қарай