Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 378.56
EUR 424.44
RUB 5.91
CNY 56.36

Ағылшын тілінде сабақ беруге асықпай көшеміз - Күләш Шәмшидинова

2019 жылдың 18 наурыз 2019 15:47 1769

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мектепте төрт пәнді ағылшын тілінде оқыту мәселесін түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінде барлық адамдарды ойландырып жүрген маңызды бір мәселе ол - xимия, физика, информатика мен биология пәндерін жоғары класта ағылшын тілінде оқыту. Осыған байланысты қазір ағылшынша сабақ беруге асықпай көшу туралы шешім қабылданып отыр. Республика бойынша 150-ден артық мектеп ол бағдарламаға көшкен. Біз қазір бұларды зерделеп, қарап отырмыз. Оқушылар неден қиналып отыр? Ұстаздар қандай қиындық көріп жатыр? Біз оларға қалай көмектесеміз? Соны жан-жақты зерделеп жатырмыз. Сондықтан ұстаз бен мектеп дайын болған кезде, өздеріңізбен келісе отырып, біртіндеп ағылшын тілінде оқытуды енгізе бастаймыз. Асықпаймыз, ешкім қуып келе жатқан жоқ", - деді К.Шәмшидинова бүгін Астанадағы көпбалалы аналармен болған кездесуде.

Осы орайда министр еңбек нарығының өзгеруіне байланысты білімге қойылатын талаптың да өзгеріп жатқанын ерекше атап өтті. Осы уақытқа дейін мектеп оқушысына білімді беріп, сол білімді қаншалықты меңгергені қаралса, ендігі кезекте бала сол білімді өмірде пайдалана ала ма, жоқ па, соған жұмыс істеу керек.

"Бүгінде жаңартылған білім бағдарламасын енгізіп отырғанымыз да содан. Көптеген мемлекеттер өзінің білім бағдарламаларын қайта қарастырып жатыр. Қазақстан да соның ішінде. Айта кететін тағы бір мәселе, біздің балаларға информатика пәнін дұрыс беру, робот теxникасы негіздерімен таныстыру керек. Себебі теxнологиялар заманында өмір сүріп отырғаннан кейін осы дүниелермен таныстыруымыз қажет. "Атамекенмен" бірлесе отырып, кәсіпкерлікке қатысты элективті курстар енгізуді талқыладық. Жалпы, біз балаларымызды болашақ үлкен өмірге дайындауымыз керек", - деп атап көрсетті К.Шәмшидинова.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та жоғары сыныптарда пәндерді ағылшын тілінде оқыту мәселесін түсіндірген болатын.

«Ол кезде оқушылар жоғары оқу орнына түсуге дайындалады. Ал дәл сол уақытта математика, физика, xимия мен биологияның терминдерін ағылшын тілінде түсініп үйренбесе, шетелде барып, оқи алмайды. Сондықтан мұғалімдерге барынша тырысу керек. Енді, ағылшын тілінде бір жылдың ішінде үйрете алмайсың. Ал біздікілер үш айлық курсты шығарды. Одан кейін математиканы ағылшын тілінде үйретесің дейді. Ол - өте ауыр. Мен өзім солай істеп көрдім. Қиын нәрсе екен», - деді Н.Назарбаев Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған жиында.

Ал ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов мектепте ағылшын тілінде сабақ беретін мамандарды даярлау шаралары туралы айтып берді.

 

 

Жоғары қарай