Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Агроөнеркәсіп кешеніндегі өсім тұрақты - Сапархан Омаров

2020 жылдың 3 маусым 2020 13:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 4 айында агроөнеркәсіптік кешен саласы тұрақты өсіп келеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус пандемиясы салдарынан орын алған дағдарысқа қарамастан, осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласында тұрақты жағдай сақталуда. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,2 пайыз ұлғайды, тамақ өнімдерін өндіру көлемі 2,4 пайызға өсті», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі кездесу барысында.

Оның дерегінше, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 10,1 пайызға ұлғайып, 98,4 млрд теңгені, тамақ өнімдерін өндіру көлемі 14,9 пайызға өсіп, 20,6 млрд теңгені құрады.

«Мал шаруашылығында жалпы өнім шығару 2,3 пайызға көтерілді. Өндіріс көлемінің өсуі ет өндірісінің 3,6, сүттің 3,2 пайызға өсуімен байланысты болды. Өсімдік шаруашылығында 2020 жылдың көктемгі дала жұмыстарының уақытында жүргізілуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып, бүгінгі күні егіс жұмыстары аяқталуға жақын қалды», - деді Сапархан Омаров.


Жоғары қарай