Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Африкада астыртын қызмет еткен қазақстандық ардагерлер туралы деректі фильм жарыққа шығады

2019 жылдың 28 қазан 2019 19:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Qazaqstan» ұлттық арнасынан көрерменге «Ангола: Африкадағы беймәлім миссия» атты деректі фильм жол тартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Деректі фильмде Анголадағы 1975 жылы басталған азаматтық соғыс тарихы баяндалады. Оған интернационалдық борышын өтеген қазақстандықтар да қатысқан. Қара құрлықтағы құпия миссияның сыры неде? Совет одағы Анголадағы азаматтық соғысқа неліктен араласты? Онда жіберілген әскерилерге қандай міндет жүктелді? Капитализм мен социализмнің текетіресін «Ангола: Африкадағы беймәлім миссия» деректі фильмінде көре аласыз.

Деректі фильмде Африкадағы астыртын қызмет еткен қазақстандық ардагерлер сұхбат береді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Әскер, Африка,
Жоғары қарай