Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Аэрофлот әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта бастады

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 11:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан бастап «Аэрофлот» әуе компаниясы Нұр-Сұлтанға рейстерді қайта бастады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

«Аэрофлот» әуе компаниясының Мәскеуден Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:35-те келді.

Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағыты бойынша рейсті жергілікті уақыт бойынша сағат 12:05-те орындау жоспарлануда.

«Аэрофлот» әуе компаниясының рейстеріне билеттерді әуе компанияның сайтынан сатып алуға болады.

Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.

Fly Dubai Дубаи-Нұр Сұлтан-Дубаи бағыты бойынша тұрақты рейстерді жалғастыруда.

2022 жылдың 10 қаңтарында:

- Дубаи - Нұр-Сұлтан FZ1721 09:10-15:55

- Нұр-Сұлтан-Дубаи FZ1722 16:55- 20:10

- Дубаи-Нұр-Сұлтан FZ1705 12:00-18:45

- Нұр-Сұлтан-Дубаи FZ1706 19:45-23:00 рейстерін орындау жоспарлануда.

Қазіргі уақытта әуе компанияның колл-орталығы 888000702833 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейді.

Басты сөздер: Ұшақ, Көлік, Қоғам,
Жоғары қарай