Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әділет министрлігі 10 жыл әзірленген жаңа кодекс туралы айтты

2020 жылдың 25 қараша 2020 21:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IX Азаматтық форумда ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі артықшылықтары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2021 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді.

«Бұл үлкен және маңызды құжат, біз оны ұзақ уақыт бойы әзірледік. Бұл Әділет министрлігінің ғана жұмысы емес, барлық мемлекеттік органдардың, соның ішінде Жоғарғы соттың жұмысы. Жалпы, біздің еліміз бұл заңға 10 жылдан астам уақыт бойы әзірленді. Келесі жылдың 1 шілдесінде күшіне енетін құжатқа үлкен үміт артамыз. Қазір үлкен дайындық, түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Ақпараттық жүйелер заңның жаңа нормаларына сәйкес түзетіледі», - деді Марат Бекетаев.

Кодекстің басты мақсаттарының бірі – азаматтарға басқару шешімдерін қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктерді бекіту, азаматтардың құқықтарын қорғаудың, жоғары органдардың немесе сот билігі органдарының дауларды қарастыруының тиімді тетіктерін орнату.

«Осыған байланысты кодекс екі негізгі бағыттан тұрады: Әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот ісін жүргізу. Біріншісі ішкі және сыртқы әкімшілік рәсімдерді, екіншісі – көпшілік-құқықтық даулар бойынша сот ісін жүргізуді қамтиды. Әкімшілік рәсімдерді реттеу бойынша Кодексте мынадай негізгі ережелер көзделген: Біріншісі – әкімшілік орган түсінігі бекітіледі. Бұл не үшін қажет? Егер мемлекеттік емес субъект азаматтардың құқықтарын іске асыруға бағытталған шешімдер қабылдаса, ол Кодекстегі кепілдіктерді сақтауға міндетті. Екінші – заңды тұлғаларды билік субъектілерінің қиянат жасауынан қорғау бойынша жаңа қағидаттар енгізілуде. Үшіншісі – билік органдары азаматтарға қатысты басқару шешімін қабылдағанда кері байланысты қамтамасыз ететін рәсімдік кепілдіктер бекітіледі», - деп түсіндірді Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Арман Кенжеғалиев.

Оның айтуынша, негізгі ереже – билік субъектілері түпкілікті шешім қабылдау алдында азаматтың пікірін тыңдауға міндетті.

«Сонымен бірге, кодекс дауларға сотқа дейінгі міндетті шағымдану институтын енгізеді. Шағымдарды қарау процесі жеделдетілген түрде 20 күнде жүргізіледі. Бұл институт азаматтардың мәселелерін тез шешуге, уақыт пен сот шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Кодекс ережелерін әзірлеу жұмысы сарапшылармен және ғалымдармен түрлі алаңдарда талқыланды, Венеция комиссиясының оң қорытындылары алынды. Әкімшілік әділет жүйесін енгізу мемлекет пен қоғам арасындағы қарым - қатынасқа жаңа серпін береді деп үміттенеміз»,- деді А. Кенжеғалиев.

Жоғары қарай