Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ - Мұрат Бақтиярұлы

2020 жылдың 9 шілде 2020 18:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент өзінің кешегі үндеуінде Үкіметтің, әсіресе Денсаулық сақтау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың індетке қарсы нақты іс- шаралар жасамағандығы туралы ашық айтты. Толық қолдаймын. Бұл Парламент қабырғасында да айтылған болатын. Тыңдайтын құлақ болмады. Өкінішке орай көптеген отандастарымыз дер кезінде нақты дәрігерлік көмек аламағандықтан, тиісті дәрі-дәрмектер жетпегендіктен өмірден озды. Бүкіл билік олардың алдында кінәліміз деп санаймын. Әлі де болса он мыңдаған адамдарға көмек қажет. Олар қатты қиналуда. Барлық күшімізді солардың өмірін сақтап қалуға жұмсайық. Үкімет абаттандыруға, жол салуға және тағы басқаларға қатысты шығындарды қысқартып, оның орнына қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуы керек. Адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ», - деді Мұрат Бақтиярұлы.

Айта кетейік, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасап, онда 13 шілде күні Ұлттық аза тұту күні деп жарияланатындығын айтқан еді.


Жоғары қарай