Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Адам өлтірді деген күдікпен іздеуде болған өзбекстандық Ақтөбеде ұсталды

2020 жылдың 10 маусым 2020 16:57

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Полиция адам өлтірді деген күдікпен іздеуде болған Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік полицейлер кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады. 35 жастағы күдіктіні «Самара-Шымкент» тас жолында патрульдік полиция ротасының жасағы қолға түсірді. Ол Шымкенттен Ақтөбеге қарай жол тартқан. Полиция қызметкерлері оның қолындағы қапшықтан күдіктеніп, тоқтатты.

«Өзбекстан азаматының қолындағы қапшықта жеке заттарынан басқа, бұзаудың басы мен еті табылған. Шымкент қаласынан Ырғыз ауданына қарай жүріп, жолда жайылып жүрген бұзауды жасырын түрде ұрлап кеткен. Сойып, еттің бір бөлігін және малдың басын қапшыққа салып алған. Ұсталған азамат өз әрекетін мойындады. Күдіктінің жеке басын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 2016 жылдан бері іздеуде жүргенін білді. Алматы облысының полиция департаментінің ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланғаны анықталды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай