Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі артады

2021 жылдың 13 қазан 2021 16:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесін көтеретін қадамдар іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен таныстырылды.

«Заң жобасында дербес құқықтылыққа ие болу сияқты қосымша бар. Бұл өз кезегінде осы қызмет үшін маңызды. Яғни Уәкіл тұтқындалмайды, қамауға алынбайды, қылмыстық әрі әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, сондай-ақ тінту мен жеке тексерумен қамтылмайды», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Ирина Унжакова.

Оның айтуынша, Уәкілдің қызметінде тәртіп бұзу жағдайы анықталған жағдайда, әкімшілік және басқа жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бірақ та осы тұрғыда тек ерекше тәртіп ескеріледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлердегі өкілдіктері пайда болады.


Жоғары қарай