Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі дәріханаларға мониторинг жүргізген болатын

2021 жылдың 20 сәуір 2021 21:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті цифрландыру бойынша «адалдық алаңының» қызметі талқыланды. Жиынға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен және қалалық басқарма басшылары қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жиынға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топтың төрағасы Шавкат Исмайылов, «Astana-Adaldyq Alany» жобалық кеңсесі басшысының міндетін атқарушы, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Бақдәулет Жанділдаев қатысты.

Бақтияр Мәкеннің айтуынша, елордада барлық мемлекеттік мекемелер қызмет көрсетуді толығымен цифрландырған.

«Қала қауіпсіздігі, білім беру, медицина және ТКШ салалары бойынша цифрландыру жұмыстары нәтижелі жүргізілді. Бүгінгі таңда тұрғындарға 159 қызмет түрі электрондық форматта көрсетіледі. Менің ойымша, жасалып жатқан жұмыстар халық үшін қолайлы. Бұған дейін азаматтар мекемеге қоңырау шалып, құжатын тасып жүрсе, енді барлығы компьютердің көмегімен тез бітеді. Елордалық мектептер 100% компьютермен жабдықталған. Мектеп асханалары да төлемді электронды қабылдайтын болады. Денсаулық сақтау саласында электрондық паспорт жасалды. Деректерді уақытында цифрландырғанымыз вакцинация процесін едәуір жеңілдетті. Егер адам басқа аймақтан келсе, төлқұжаты арқылы да оның медициналық тарихын дәрігерлер көре алады», — деді ол.




Осы жылдың бірінші тоқсанында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі дәріханаларға мониторинг жүргізген болатын.

«Карантин енгізілгеннен бері қалалық мәслихат депутаттары бірнеше рет қоғамдық нысандарға тексеру жүргізді. Ауа райының жылуына байланысты жобалық кеңсеге тұрғындардан арыз-шағым жиілеп түсті. Соған орай арнайы мониторинг жүргізіп, жауапты органдарға сұраныс жібердік. Жол сапасына баса назар аударып отырмыз. Онлайн форматта мектеп оқушыларына «Адалдық алаңы» тәрбие сағаттарын өткізуді де қолға алдық. Жақында «Astana adaldyq alany» жобасы мен елордалық мәслихат арасында меморандумға қол қойдық. Меморандум аясында сыбайлас жемқорлықпен күресте бірлесе қызмет жасамақпыз», — деді «Astana adaldyq alany» жобасының жетекшісі Бақдәулет Жанділдаев.

Қала әкімінің орынбасары басқарма басшыларына отырыста талқыланған маңызды мәселелерді өзге де қызметкерлерге жеткізуді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды тапсырды.


Жоғары қарай