Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ӘЧ-2021: Қазақстан құрамасы ең нәтижелі командалардың үштігіне енді

2021 жылдың 29 мамыр 2021 22:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық хоккей федерациясының ресми сайты Ригада өткен әлем чемпионатында өнер көрсеткен командалардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан күтпеген жерден ең нәтижелі командалардың үштігіне енді. Құрама өзінің мүмкіндіктерін мүлт жібермеген командалар кестесінде Германиядан кейін екінші орынға тұрақтады.

Қазақстандықтар турнирдегі 6 ойында қарсыластарына 149 соққы жасап, олардың 21-і қақпа ішінен табылды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының пайыздық көрсеткіші 14.09 болды, Германиянікі - 14.29. Мысал ретінде алғанда АҚШ-тікі — 9.92 болса, Ресей соққыларының 11.63 пайызын дәл көздеді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы Италияны 11:3 ойсырата жеңіп, В тобында көш бастады.



Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай