Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Абзал Әбдікәрімов ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 14:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Абзал Әбдікәрімов 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Абай атындағы ҚазҰПУ, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Kings College London, University of London, IE Business School бітірген. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2010 жылы коммерциялық ұйымдарда бастаған.

2014-2015 жылдары — «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің бас маманы, директоры.

2015-2016 жылдары — «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департаментінің жоба жетекшісі.

2016-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінде министрдің кеңесшісі, департамент директорының орынбасары, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаментінің директоры.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.


Жоғары қарай