Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Абылайхан Жүсіпов Токио Олимпиадасының ұйымдастыру деңгейі туралы айтты

2021 жылдың 20 шілде 2021 12:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов Токиодағы алғашқы жаттығу күндері қалай өтіп жатқанын айтып, шағын сұхбат берді деп жазады Olympic.kz.

«Токио қаласына келіп, олимпиадалық ауылға орналастық. Мұнда спортшыларға керекті дүниенің бәрі де бар. Бар жағдай жасалған. Рио Олимпиадасына да қатысқанымды білесіздер. Егер салыстырмалы түрде қарасақ, екі елдегі ұйымдастыру деңгейі ұқсас. Токиода жаттығуды бастап кеттік. Арнайы тренажер залы да бар екен.

Барлық ережелерді сақтап жүрміз. Күніне бірнеше рет ПТР тест тапсырамыз. Әрине, бұл аздап жалықтырады. Дегенмен, барша әлем пандемиямен күресіп жатқандықтан, бұл талапқа мойынсұнамыз», - дейді Жүсіпов.


Басты сөздер: Олимпиада, Жапония, Спорт,
Жоғары қарай