Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Абылайхан Жүсіпов бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қола жүлдегер атанды

2020 жылдың 10 наурыз 2020 17:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Абылайхан Жүсіпов қола медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлер арасында 69 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда үндістандық Викаш Киршанмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен ұтылып қалды.

Осылайша жерлесіміз аталған турнирде қола жүлдегер атанды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Закир Сафиуллиннің қазақ боксшылары арасында бірінші болып олимпиадалық іріктеу турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Фото: olympic.kz

Жоғары қарай