Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әбілқайыр Сқақов Павлодар өңірінде КВИ-дің өршуі жайлы: Жағдай бақылауда

2020 жылдың 26 қараша 2020 13:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдегі коронавирус инфекциясын жұқтыру тізбегін үзу үшін эпидемиологиялық зерттеу барынша сапалы әрі жылдам жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар облысы «қызыл аймақта» тұрғандықтан өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып өтейін. Кеше өңірде коронавирус жұқтырған 110 адам тіркелді. Айдың басында өңірдің «қызыл аймаққа» алғаш рет енуіне шетелден келген науқастардың да ықпалы болды. Облысымыз Ресейдің коронавирус жайлаған үш аймағымен шектеседі. Қазан айының басынан осы бағыттағы шекаралық бекеттер арқылы бізге 34 мыңға жуық адам кірді. Қараша айында енгізілген қосымша шектеу Ресейден келетін адамдар легін сәйкесінше коронавирустың осы жақтан тасымалдану фактісін едәуір азайтты», - деді Әбілқайыр Сқақов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Аймақ басшысының айтуынша коронавирус жұқтырудың негізі бөлігі - науқастармен тікелей байланысқа түскендар.

«Сондықтан біз инфекцияны жұқтыру тізбегін үзу үшін эпидемиологиялық зерттеуді барынша сапалы әрі тез жасайтын боламыз. Өңірдегі ахуал шиеленісіп тұр. Дегенмен денсаулық сақтау жүйесін материалдық-техникалық және кадрлық базасын әлдеқайда нығайтудың арқасында жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік бар», - деді ол.

Әкім берген есепке сәйкес, облыстағы ауруханалардағы жалпы төсек қоры мен жансақтау бөлімдеріндегі орын көбейтіліп, стационарлар барынша жабдықталған. Оттегі нүктелерінің саны алты есе артып, дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры жиналған. Медициналық қызметкерлер резерві 600 адамға жеткен.


Жоғары қарай