Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әбілқайыр Сқақов: 2021 жылы мемлекеттік бағдарламаларға баса мән беріледі

2020 жылдың 26 қараша 2020 13:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов 2021 жылғы басты жұмыс жоспарын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келер жылдың жоспары туралы да айта кетейін. Әрине, біздің ең бірінші міндет – облыс тұрғындарын жұмыспен қамту. Бұл бағытта осы жылдың аяғына дейін 33 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтысақ, алдағы жылы тағы 35 мың тұрғынды еңбекке тарту жоспары бар», - деді Әбілқайыр Сқақов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімі атап өткендей, екінші міндет - шағын және орта бизнесті қолдау және олардың өндірісін ұлғайту. Осы жылы пандемия салдарынан тауарлардың импорты азайғаны белгілі, есесіне отандық өнімге сұраныс артқан. Әбілқайыр Сқақов бұл өзгерісті шағын және орта бизнеске тапсырыс беруді арттырудың және импортқа тәуелді болмаудың мықты мүмкіндігі деп санап отыр.

«Үшіншіден, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға басымдық бермекпіз. Бұлардың карантиннен кейін халықтың әл-ауқатын арттыру үшін ықпалы зор. «Жұмыспен қамтудың жол қартасы» аясында қолға алынатын жобалар тізімі дайын тұр. «Нұрлы жер» бойынша тұрғын үй саламыз, «Ауыл – ел бесігін» елді мекендерді абаттандыруға қолданамыз, ал «Бизнестің жол картасы» арқылы несие беру жалғасады. Бұдан бөлек, «Қарапайым заттар экономикасы» сияқты басқа бағдарламалардың мүмкіндіктерін барынша пайдаланамыз», - дейді Әбілқайыр Сқақов.



Жоғары қарай